Crocs пен Jean Paul Gaultier бірлескен топтамасы туралы баяндаймыз
«Сұлулық құрбандықты талап етпейді» деген ұранмен Crocs бренді Jean Paul Gaultier сән үйімен бірлескен топтама жасағанын жариялады. Ыңғайлы әрі су өткізбейтін саболар сән үйінің танымал модельдерін жаңаша пайымдайды. Әзірге үш дизайн ұсынылды: ақ-қара, бозғылт-қызғылт және қара. Жасанды былғарыдан жасалған қара сабо брендтің фирмалық түйреуішімен безендірілген. Бозғылт-қызғылт моделі кроссовка стилінде жасалса, жабық ақ-қара Crocs-қа Jean Paul Gaultier-дің фирмалық принті салынған. Топтама 2025 жылдың тамыз айында сатылымға шығады.
Бұл Crocs-тың жоғары сән үйлерімен алғашқы серіктестігі емес. 2016 жылы компания Christopher Kane-мен коллаборация ұсынған болатын. Одан кейін Balenciaga, Kurt Geiger, Simone Rocha және басқа да брендтермен бірлескен жұмыстар пайда болды.



