McQueen-нің 2025 жылғы күзгі-қысқы топтамасы туралы баяндаймыз

Былғары пальтолар, желбірлі жейделер, мойынды қысып тұратын водолазкалар – Шон МакГир ағылшын неоготикасын сәнге қайта енгізуде. McQueen креативті директоры жазушы Оскар Уайльд, әнші Веста Тилли және суретші Ромейн Брукстың жұмыстарынан шабыт алған 2025 жылғы күзгі-қысқы топтамасының жарнамалық науқанын ұсынды. «Мен еркіндік пен қаталдықтың арасындағы шынайы тартысты көрсеткім келді», – дейді дизайнер.

Түсірілімді МакГирдің сән көрсетілімдеріндегі тұрақты серігі, айнымас Сара Ричардсон стильдеген. Модельдер Алекс Консани, Атиэк Гэн, Чу Вонг және Либби Тавернер ағылшын романының кейіпкерлеріне ұқсайды. Олар драмаға толы қимылмен желге қарсы жүріп бара жатқандай әсер қалдырады. Олардың бейнесі хаос пен еркіндіктің, дәстүр мен сол дәстүрдің шеңберінен шығудың арасындағы үйлесімділікті көрсетеді.