IMAGE Instagram @taylorswift

Тейлор Свифттің таққан жүзігі мен киген көйлегі сән әлеміндегі ең қалаулы заттарға айналды. Әншінің бұл қадамы қалай кездейсоқ маркетингтік құбылысқа айналғанын талдаймыз.

Осыдан екі күн бұрын Тейлор Свифт өзінің некелесуі туралы жариялағанда, бұл жай ғана жаңалық емес, бүтін бір индустрияға әсер еткен құбылысқа айналды. Әлемнің түкпір-түкпіріндегі миллиондаған жанкүйері жас келінді құттықтап жатса, ірі компаниялар бұл оқиғаны өз пайдасына жаратуға көшті.

Жұртшылық оның саусағындағы көз қарықтыратын гауһар тасты талқылап жатқанда, америкалық Sterling Forever зергерлік компаниясы сол сәтті пайдаланып, оның бюджеттік баламасын – Sterling Silver Elongated Cushion Cocktail Ring жүзігін сатылымға шығарып үлгерді. Оның құны – небәрі 129 доллар. Ал 320 доллар тұратын Ralph Lauren көйлегі нағыз аңызға айналды. АҚШ-та бұл көйлек Тейлор Instagram-да жазба жариялағаннан кейін көзді ашып-жұмғанша сатылып кеткен.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @taylorswift
Tatler Asia
IMAGE Ralph Lauren Striped Silk-Blend Dress | Ralph Lauren
Tatler Asia
IMAGE Instagram @taylorswift
Tatler Asia
IMAGE Sterling Silver Elongated Cushion Cocktail Ring | Sterling Forever