Мысықтар мен иттерге арналған жылы әрі функционалды образдар – adidas Originals Pet Collection күзгі топтамасында
adidas Originals бренді осы жылдың мамыр айында Қытайда таныстырған Pet Collection атты үй жануарларына арналған киімдер желісін одан әрі дамытып, жаңа күзгі топтамасын ұсынды. Естеріңізге сала кетейік, алғашқы дебюттік топтамаға төрт түрлі түсті Cali футболкалары, былғары қарғыбаулар мен тасымалдауға арналған сөмкелер кірген болатын.
Жаңа күзгі топтамаға су өткізбейтін материалдан тігілген желбегейлер, жылы жилеттер және ыңғайлы спорттық костюмдер енген. Кішкентай достарымызға арналған бұл киімдердің барлығы adidas Originals-тың танымал стилінде, яғни әйгілі үш жолақпен және беде-логотипімен безендірілген. Өкінішке орай, бұл топтама қазіргі уақытта тек Қытайда ғана сатылады.



