Bvlgari 2025 жылғы Geneva Watch Days көрмесінде қандай жаңа сағат үлгілерін таныстырғанын баяндаймыз
2020 жылы Bvlgari бас директоры Жан-Кристоф Бабен негізін қалаған Geneva Watch Days көрмесі аз уақыт ішінде сағат шеберлерінің жыл сайынғы қажылығына айналды. Мұнда олар заманауи сағат өнерінің жаңалықтарымен бөлісу үшін Женеваға жиналады. Көрменің артықшылығы – оған кез келген адам тегін кіре алады. Bvlgari үшін бұл – бренд тарихымен көпшілікті таныстырып, сағат шеберлігінің жаңа үлгілерін паш ететін таптырмас мүмкіндік.
2025 жылы Geneva Watch Days көрмесі төртінші және жетінші қыркүйек аралығында өтті. Көрмеде Bvlgari Octo Finissimo сағатының аты аңызға айналған тарихы баяндалып, оның екі заманауи интерпретациясы таныстырылды, сондай-ақ Bvlgari Aluminium топтамасының жаңа қола дәуірі басталды.
Octo Finissimo моделі Максенций базиликасының сегізбұрышты геометриясына негізделген. Ол Bvlgari үйінің техникалық мінсіздікке деген ұмтылысын бейнелейді. Octo Finissimo Lee Ufan x Bvlgari жаңа интерпретациясы жапон суретшісі Ли У Хванмен бірлесіп жасалған. Суретші өз жұмысында адам санасы, табиғat пен ғаламның арасындағы байланысты зерттейді. Сағат дизайны қозғалмайтын шектеулі тас пен айнаның шексіз шағылыстарының арасындағы контрастқа негізделген.








