Aphex Twin-ге арналған видео Надя Ли Коэннің танымал ретро-эстетикасында түсірілген
Суретші әрі режиссер Надя Ли Коэн Aphex Twin-нің «korg funk 5» трегіне клип түсірді. Видео әртіс Чарли Денниспен бірлесіп жасалған және режиссердің Instagram парақшасында жарияланды. Кадрда жасанды интеллект жасағандай көрінетін біртүрлі кейіпкерлерді және осы хаостың ортасында билеп жүрген Коэннің өзін көруге болады.
2017 жылғы түпнұсқа трек Ричард Д. Джеймстің (Aphex Twin) жапондық Korg компаниясымен ынтымақтастығының нәтижесінде жазылған. Онда оның ұлының вокалы да бар еді. Ал жаңа нұсқада күтпеген жерден америкалық City Girls дуэтінің мүшесі JT камео ретінде бой көрсетеді.
Бұған дейін Коэн A$AP Rocky-дің «Babushka Boi» және «Gilligan» тректеріне, сондай-ақ Kali Uchis пен Tyler, The Creator-дың «After the Storm» әніне клип түсірген. Олардың барлығы оның танымал сюрреалистік стилі мен ретро-эстетикасында жасалған. Сонымен қатар, ол Ким Кардашьян қатысқан, бір кадрмен түсірілген рождестволық видеоның авторы. Клиптерден бөлек, оның портфолиосында Skims, Balenciaga және басқа да брендтерге арналған сәнді кампейндердің ауқымды тізімі бар.