IMAGE NikeSKIMS

Серена Уильямстың айтуынша, NikeSKIMS киімі денеге жаққан майдай жұмсақ сезіледі

Nike және SKIMS брендтері NikeSKIMS атты бірлескен жобасын таныстырды. Бұл спорттық киімдер топтамасында екі брендтің де фирмалық технологиялары мен дизайны тоғысқан.

Желі 58 үлгіден тұрады: бралар, топтар, шортылар, леггинстер, олимпийкалар, йогаға арналған кілемше және басқа да бұйымдар. Барлық заттар материалы мен мақсатына қарай ерекшеленетін жеті бағытқа бөлінген.

NikeSKIMS-тің іске қосылуы Ким Кардашьян және 50-ден астам әйел спортшы қатысқан Bodies at Work ролигімен сүйемелденді. Олардың қатарында – теннисші Серена Уильямс, гимнаст Джордан Чайлз, сноубордшы Хлоя Ким, гольфшы Нелли Корда, жеңіл атлет Ша’Карри Ричардсон және басқалары бар.

NikeSKIMS-тің дебюттік топтамасы 26 қыркүйекте сатылымға шықты.