IMAGE MBFW Azerbaijan

Анара Кукиева халықаралық сән апталығының алғашқы маусымын тамашалау үшін Бакуге барып қайтты

Баку де Қазақстан сияқты жаһандық сән картасына әлі толық енбегенімен, өңірлік сән мен мәдениеттің маңызды орталықтарының бірі ретінде өзін танытып келеді. Қарт Каспийдің батыс жағасындағы шаһар үшін мамыр айы шын мәнінде сән айына айналды. Мұнда қатарынан үш бірдей сән апталығы өтті. «Әзербайжанда сонша дизайнер қайдан жүр?» деген сұрақ, әрине, риторикалық болса керек. Бірақ мен Бакудегі сән ахуалын білмегендіктен, бұл сұрақты өзіме қойып, жауап іздеуге тырыстым. Бірақ шын мәнінде бәрі әлдеқайда оңай екен: Бакуде екі жергілікті сән апталығы бар екен, ал үшіншісі — Mercedes-Benz Fashion Week Azerbaijan. Халықаралық сипатқа ие сән апталығында әзербайжандық емес брендтер таныстырылады. Сыр мен сымбат кешін мен де өз көзіммен көріп қайттым.

Айтпақшы, Бакуде халықаралық брендтер тұрғысынан ешқашан тапшылық болмаған. Шынын айту керек, жағдай тіпті өте жақсы. Әсіресе люкс сегментіне қатысты. Бакуде әлемдік деңгейдегі ірі сән және зергерлік брендтердің басым көпшілігі бар. Мұнайдан табыс тауып отырған ел үшін бұл таңғаларлық жайт емес.

Tatler Asia
IMAGE MBFW Azerbaijan
Tatler Asia
Tatler Asia

MBFW Azerbaijan жобасын дамытуға Әзербайжан сән дизайнерлері қауымдастығының негізін қалаған Айсель Гусейнова кірісті. Апталық аясында жергілікті емес, шетелдік дизайнерлерге басымдық беру туралы шешімді де дәл осы Айсель қабылдаған. Мұндай көзқарас, мысалы, Қазақстандағы тәсілден мүлде өзгеше: бізде бұрын болған Mercedes-Benz Fashion Week негізінен отандық брендтерге арналған еді.

Айсельдің өзі мұндай даму бағытын таңдай отырып, жергілікті дизайнерлерді назардан тыс қалдыру ниеті жоқ екенін айтады. Көпшілігімен жылы қатынаста екенін және олардың жетістіктеріне шын жүректен қуанатынын да жасырмады. Алайда егер бұл халықаралық сән апталығы болса, онда қатысатын дизайнерлер де халықаралық деңгейде болуы тиіс. «Осылайша біз дизайнерлерге жаңа нарықта өзін көрсетуге мүмкіндік береміз, ал көрермендер үшін бұрын беймәлім болған есімдерді ашуға жағдай жасаймыз», — дейді Айсель.

Меніңше, шетелден келген қонақтар үшін бұл — тек жаңа есімдермен танысу ғана емес, сонымен қатар өзіміз білетін, көбіне қатып қалған стереотиптерден тұратын ел имиджі туралы мүлде басқа көзқарас қалыптастыруға тамаша мүмкіндік. Айсель секілді адамдарды үмітін үзбеген романтик деп атар едім: себебі олар өз елінде сәнге және оның дамуына бұрын-соңды аса бір мән берілмегеніне қарамастан, бұл саланы өркендетуді өз мойнына алған.

Tatler Asia
IMAGE MBFW Azerbaijan
Tatler Asia
Tatler Asia

MBFW Azerbaijan-ның алғашқы маусымына Түркия, Италия, Грузия, Беларусь және Қазақстаннан келген дизайнерлер қатысты. Үш күнге созылған сән көрсетілімдері бір ғана алаңда – сән апталығының серіктесі Abşeron Avtomobil Mərkəzi аумағында өтті. Бұл қонақтар үшін барынша ыңғайлы болды.

Ұйымдастырушылар жергілікті дизайнерлерді де назардан тыс қалдырған жоқ: бөлек кеңістікте Azerbaijan Fashion&Art көрмесі ұйымдастырылып, онда Muse Me, The Tothu, Parcha Studio, Gaga Factory, Dova 24, Sultan Couture, Natavan Aliyeva, Sameera және Kaftan сияқты әзербайжандық брендтердің топтамаларынан таңдаулы бір-бір образ ұсынылды. Бұл әр брендтің стилі мен эстетикасын дәл бейнелейтін киім үлгісі болды. Ал бренд туралы кеңірек ақпарат алғысы келгендер үшін QR-код ұсынылған. Оны сканерлеген соң, барлық мәлімет цифрлық форматта қолжетімді.

Сондай-ақ зергерлік бұйымдарға арналған шоурумдар өтті: олардың қатарында Nino Sepo мен Narmeen Jewelry брендтері, түріктің Panghia зергерлік үйінің таныстырылымы және Adidas for Mercedes-Benz топтамасының көрсетілімі болды.

Tatler Asia
IMAGE MBFW Azerbaijan
Tatler Asia
Tatler Asia
Tatler Asia

MBFW Azerbaijan сән мен креативке арналған шара десек те, оны тек осы қырымен шектеп қоюға болмайды. Қаланың қоғамдық өміріндегі көріністерді де атап өтпей кетуге болмас. Бұл тұрғыда Баку он жыл бұрынғы Алматыны еске түсіреді: түрлі деңгейдегі қоғам белсенділерінің бойында қызуғышылық пен өмірге құштарлық көп. Жан-тәнімен сәнге берілмесе де, Chanel-дің total look киіміндегі кейіпкерлер де өздерін көрсетуге, уақытты сәнді өткізуге қарсы емес. Ал бұл – кез келген іс-шараның сәтті өтуінің басты кепілі.

Tatler Asia
IMAGE MBFW Azerbaijan

Темы