IMAGE Instagram @luckeeyu

Сыйлыққа кроссовка қосылған тауық қанаттары, бизнес-ланчпен бірге берілетін косметика, жапон суши-бары мен итальяндық тратторияның бірігуі. Бүгінде мұның бәрі қалжың емес, мейрамхана маркетингінің шындығы

Бүгінгі қонаққа дәмді тамақ пен жақсы қызмет көрсету жеткіліксіз. Қазіргі мейрамханалар таңғалдыруы, қызықтыруы, көңіл аулауы керек. Мәзір, интерьер, тағамды ұсыну, әлеуметтік желідегі креатив – бәрі «мейрамхана тәжірибесі» деп аталатын үлкен қойылымның бір бөлігі.

Атмосфера және интерьер

Алматыда адамдар тауға шыққаннан гөрі, мейрамханаға жиірек барады. Әдемі жерде отыру, таныстарды көру, жаңа киімді көрсету – осының бәрі қазір толыққанды демалысқа айналды. Қоғамдық іс-шаралар аз болғандықтан, мейрамханалар сахна іспетті орынға айналды.

Әрине, ол жердің интерьері Instagram-ға арнайы жасалғандай әдемі, ал тағамдары фотоға әдемі түсуі шарт. Дәмі мен бағасы екінші орынға ысырылып қалды. Сондықтан мекеме иелері атмосфераға ақша аямайды. Қала орталығынан париждік брассерияны да, скандинавиялық кофехананы да, тіпті кеңестік заманға деген сағынышты ұтымды пайдаланған кеңестік модернизм стиліндегі мейрамхананы да оңай табуға болады.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @fika.almaty
Tatler Asia
IMAGE Instagram @renee_almaty
Tatler Asia
IMAGE AKKU | Фото Tatler Kazakhstan

Мұндай жерлерден еуропалық базарлардан әкелінген винтажды күміс ыдыстарды немесе Киото шеберінің қолынан шыққан жапон фарфорын кездестіруге болады. Мұның бәрі не үшін керек? Қарапайым ғана жұмыртқа, мортаделла мен ірімшіктен тұратын таңғы асты нағыз гастрономиялық арманға айналдыру үшін. Оны үйде де дайындауға болар еді, бірақ «эстетикасыз» әсері болмайды.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @renee_almaty
Tatler Asia
IMAGE Instagram @aroma_kz

Тіпті біз мейрамхананың салынып жатқанын бақылауға дайынбыз. Instagram ASMR-тизерлерге толы: мәрмәр сөрелердің орнатылуы, құрылыс алаңын аралап жүрген ойлы дизайнер, сөрелерге ұқыптылықпен қойылған ыдыс-аяқ. Бұл көріністер өз үйіңде таба алмайтын ерекше бір жайлылық сезімін сыйлайды.

Креативті контент

Ендігі кезекте – бренд-менеджердің басты міндеті, яғни контент туралы айтайық. Оған бюджет аямайды, себебі оның мақсаты – сен ұмтылатын өмір салтын көрсету. Әдемі сурет – әдемі өмірдің валютасына, атмосфераны сатудың құралына айналды. Кадрда тамақтың болмауы да мүмкін, себебі көңіл-күй мен «сол бір сезім» әлдеқайда маңызды.

«Жұлдызды» аспаздар

«Медведь» сериалындағы Кармиге сіз де сәл ғашық болдыңыз, солай ма? Энтони Бурден мен Рене Редзепи сияқты аспаздар – бүгінгі күннің рок-жұлдыздары. Олар табысты, харизмасы мол, жас буынға шабыт береді. Егер мейрамхананың өз жұлдызды аспазы болмаса, оны «жасап» шығарады. Мысалы, жаңа мәзір туралы айтып жатқан стильді видеосын түсіреді немесе журнал мұқабасына шығатындай фотосессия жасайды. Біз оның тамақты қалай дайындайтынын білмеуіміз мүмкін, бірақ оның идеяларына сенуге дайынбыз.

Tatler Asia
IMAGE Иван Кудрявцев | Instagram @ivan_kudriavtcev
Tatler Asia
IMAGE Руслан Закиров | Instagram @auyl.almaty

Коллаборациялар

Серіктестік – қазіргі бизнестің басты қағидасы. Бүгінде мейрамхана зергерлік брендпен, косметикалық маркамен, сән үйімен, инфлюенсермен, тіпті Almaty Marathon-мен де серіктес бола алады. Ол үшін түрлі құралдар қолданылады: бутик ішіндегі кафелер, аспаздармен коллаборациялар, бренд логотипі бар лимиттелген десерттер. Hermès пен Miu Miu стиліндегі поп-ап дүкендерді бөлек атап өтуге болады: ұқыпты дүңгіршектер, брендтелген шезлонгтар, стақандар және телефон объективіне түсуі мүмкін кез келген нәрсе.

Tatler Asia
IMAGE SANSI x Cafeteria | Instagram @cafeteria_kz
Tatler Asia
Tatler Asia
IMAGE Afisha x Lancome | Instagram @afisha.restaurant
Tatler Asia

Спешл-мәзір

Спешл-мәзір – бұл бәрінен жалыққан қонақтардың қызығушылығын оятатын уақытша ұсыныстар. Бұл көбіне бақшадан жаңа алынған маусымдық тағамдар, жаңа ауланған балық немесе Франциядан әкелінген, ертең болмай қалатын трюфельдер болуы мүмкін. Оны дәл қазір, ұсыныс бітпей тұрып жеу керек. Кейде арнайы ұсыныс жақында болған Labubu ойыншығына қатысты дүрбелең сияқты әлемдік трендтердің әсерінен жасалады. Бұл ойыншық түріндегі десертті «Столичный» супермаркетін қоса алғанда, бәрі пісірді.

Tatler Asia
IMAGE Instagram @amelie.almaty
Tatler Asia
IMAGE Instagram @luckeeyu

Әрине, бәріне капитализмді кінәлап, өзімізді құрбан санау оңай. Бірақ, шын мәнінде, сұраныс болған жерде ұсыныс пайда болады. Қонақтарға контент, дұрыс «вайб» және сыйлықтар керек: тапсырыс үшін бонустар, әлеуметтік желіде белгілегені үшін жеңілдіктер, таңғы ас кезіндегі диджей, бизнес-ланчпен бірге берілетін косметика. Индустрия мейрамхана мен ойын-сауық орталығының арасындағы шекараны бұзуға мәжбүр. Медиа, өздері туралы сериалдар, газеттер мен гидтер – бәрі де назар тапшылығы заманында біздің ықыласымызды ұстап тұру үшін жасалады. Сондықтан қазір тамақ сатқаннан гөрі, өмір стилін сату әлдеқайда тиімдірек көрінеді.

Темы