Бүгінгі топтамамызда жинағандарымыз – өмір сүру үшін аса қажет дүниелер емес, әрине, бірақ айырылғың келмейтін заттар десек қателеспейміз.
Кейде бір затқа ерекше бауыр басып қаласың. Ол сенің бір бөлшегіңе айналып, одан таңның, үйреншікті әдеттің, тіпті өз денеңнің иісі шығып тұрады. Бәлкім, бұл сені 2000-жылдардағы ромкомның басты кейіпкеріне айналдыратын көзілдірік шығар. Немесе жаныңа жылу сыйлайтын ланчбокс. Осы айда Tatler редакциясы дәл сондай «жанына жақын» заттарымен бөлісуді жөн көрді. Бұл – жылтыр журналдағы шопинг-гид емес. Бұл – әдет, естелік және жеңіл құмарлық формасындағы денеге салған татуировка іспетті.
Динара, CMM
Косметика: Dr.Ceuracle Hyal Reyouth Moist Sun SPF50+ күннен қорғайтын кремі
«Дәл қазіргідей ыстықта жеңіл, салмақсыз SPF-сіз күн көру мүмкін емес, әсіресе менің проблемалы теріме. Көптеген SPF-ті қолданып көрдім, бірақ осы Dr.Ceuracle-ге жететіні болмады. Су сияқты тез сіңеді, жабысқақтық сезімі мүлдем жоқ, бетте ауырлап тұрмайды. Ең бастысы, күннен сенімді қорғайтынын ұзақ серуендерде тексердім».

Камила, YouTube редакторы
Аксессуар: Cactus Plant x Uniqlo бейсболкасы
«Бұл бейсболканы негізі жігітімнен пикникке барғанда бір-екі күнге сұрап алғанмын. Бірақ ол маған сондай жарасып қалды, қайтарғым келмеді. Беттің қалыңдығына салып, иемденіп кеттім. Енді Uniqlo-ның келесі Спанчбоб топтамасынан аспаз қалпағын күтіп жүрмін».